RU

Әйгілі баскетболшы қазақ тілінде сөйлеп, жұртты таңғалдырды

Атақты баскетболшы Шакил О’Нил қазақстандық студенттермен АҚШ-тағы караоеке барында бірінде кездесті деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шакил О’Нил, фото: ru.axar.az
Шакил О’Нил, фото: ru.axar.az: Facebook

Осы орайда спортшының Instagram парақшасында бірнеше қызықты видеолар пайда болды.

Соның біреуінде Шакил ән айтып, кадр сыртында баскетболшының сөздерін өзге адам қазақ тілінде жеткізеді. Сондай-ақ ол қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдайды.

"Сәлем, Қазақстан! Бұл Шакил О’Нил. Мен бәріңізді жақсы көремін. Сіздердің тілдеріңізде сөйлегенімді қалайсыздар ма? Байқап көрейік", - дейді Шакил видеода.

Аталған видеоны қазақстандық атақты музыкант Самсон "Bigsom" Аракелян өзінің парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, ол тек музыкант қана емес, Маңғыстау облысы баскетбол федерациясы мен "Каспий" БК жетекшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768284-jgili-basketbolsy-kazak-tilinde-sjlep-zrtty-tagaldyrdy.html