Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін өмір ағысымен жүзу керек. Кез келген істі жылдамдатуға талпынсаңыз, уақытты текке кетіресіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 13 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін көңіл-күйіңіз тұрақсыз болып, үнемі құбылып отырады. Біресе қуанып, біресе ашуға бой алдырасыз. Түйсігіңізге құлақ ассаңыз, ол сізге қалай әрекет ету керегін айтады.

2. Торпақ

Бір сезімге немесе іске қадалып қалмас үшін өзіңізді бақылауда ұстаңыз. Тепе-теңдікті ұстай білсеңіз, марапатталасыз. Бүгін жаңа жетістіктерге жол ашылады, әсіресе жеке өміріңіз бен отбасыңызда біршама өзгерістер болады.

3. Егіздер

Бүгін өте мұқият және зерек болған абзал. Беделді тұлғамен кездесу тағдырыңызды өзгертуі мүмкін. Біліміңіз бен біліктіліггіңізді көрсете білсеңіз жақсы болады. Сондықтан кез келген нәрсеге дайын болыңыз.

4. Шаян

Бүгін жақсы нәрсе айтсаңыз жақсы болады. Себебі бүгін аузыңыздан шыққан әрбір сөзді періштелер "мақұл" деуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге және айналадағыларға тек жақсылық тілеңіз.

5. Арыстан

Бүгін барлық жұмыстарды кейінге қалдырып, уақытыңызды сүйіктіңізге арнаңыз. Күндіз жұмыста болсаңыз, кешке екінші жартыңызды романтикалық кездесуге шақырып, тосынсый ұйымдастырып немесе тамаша кешкі ас дайындауыңызға болады.

6. Бикеш

Бүгінгі күн сізге күтпеген тосынсыйлар сыйлайды. Артық ойлардан арылып, біраз тынығыңыз. Күнді оңаша немесе жақын достарыңызбен өткізген абзал.

7. Таразы

Бүгін жолыңызда шығатын әрбір кедергі мен қиындық сіздің рухани дамуыңызға себеп болады. Күнді ақпарат жинауға және оны талдауға арнаңыз. Бүгін кімнің дос, кімнің дұшпан екенін анықтауыңыз мүмкін.

8. Сарышаян

Сіз үнемі өз ұстанымдарыңызды ұстанасыз, дегенмен сол үшін көбінесе сәтсіздіктерге тап болып отырасыз. Бүгін айналадағы адамдардың істерін бағалап, олардың сізге істеген жақсылығына алғыс айтыңыз.

9. Мерген

Бүгін бәрі сәтсіз сияқты көрінуі мүмкін. Әсіресе бүгін басқалардың қателері ерекше көзге түседі. Ашуға бой алдырмаңыз. Өзгерістер үнемі қиындықтармен қатар жүреді, бірақ олар оң нәтиже беретіні даусыз.

10. Тауешкі

Қаласаңыз айналадағыларға жақсы көңіл-күй мен сабырлық сыйлайсыз. Бүгін мейлінше көп жылы сөздер мен мақтаулар айтсаңыз, жаңа жылды сәтті қарсы алудың алғышарттарын жасап қоясыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін іс-әрекетіңізге, ойларыңызға және сөздеріңізге аса мән беріңіз. Ойларыңыз бен армандарыңыздың бәрі іске асуы мүмкін. Сондықтан тек жақсы нәрсені ойлаңыз.

12. Балықтар

Бүгін осы айдағы ең қолайлы күндердің бірі. Сізді кез келген істе сәттілік күтеді. Қалағаныңызды істеуге болады. Жолда жүрген балықтарды ерекше сәтті күн күтіп тұр. Тек осы күннің жасаған тартуларын ризашылықпен қабыл алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1768321-13-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel