RU

"Астана аруы-2018"-ге қатысқан хас сұлулар көпшілікті несімен таңғалдырды? (фото)

Кеше Астанада елорданың 20 жыл толуына орай "Астана аруы 2018" сән байқауы өтті. Сайыста бақ сынаған арулар көпшілікті мінсіз мүсіндіремен таң қалдырды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Байқау басталысымен арулар сахнаға ұлттық нақыштағы көк түсті көйлек киіп шықты. Сондай-ақ олар белгілі әнші, кеш жүргізуші Бүркіттің әніне би биледі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Кейін бойжеткендер сахнаға заманауи үлгідегі киім киіп, өздерінің би өнеріне деген икемдерін тағы бір мәрте паш етті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Айта кетерлігі, кешті әнші Бүркітпен бірге танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жүргізді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ал әділ қазылар алқасында белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзада, әнші Ерлан Көкеев, мәжіліс депутаты Серік Сәпиев және тағы басқалары болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Байқау қатысушылары бірі би билеп көптің ықыласына бөленсе, енді бірі жан тебірентерлік монолог оқыды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сән сайысының қатысушылары байқаудың орта тұсында көздің жауын алатын түрлі көйлектер киіп шықты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Осылайша, әділ қазы алқасының шешімімен, үшінші бірінші вице-ару үшінші вице-ару Диана Ыдыросова деп танылса, екінші вице-ару атағын 21 жастағы Сәниә Мерғалиева жеңіп алды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ал бірінші вице-ару мәртебесі Александра Бегловаға бұйырды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Байқаудың бас жүлдесін – "Астана аруы 2018" атағы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла иеленді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Айта кетерлігі, бойжеткеннің мамандығы – дизайнер. Ол қазақ технология және бизнес университінде білім алуда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768332-astana-aruy-2018-ge-katyskan-has-slular-kpsilikti-nesimen-tagaldyrdy-foto.html