RU

Ертаев тергеу изоляторына тоғытылмайтын болды

12 желтоқсан күні Мәскеу сотында прокурорлар Жомарт Ертаевтың үй қамағында болу жөніндегі Пресненск сотының шешіміне шағым түсірді деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: Instagram

Анықталғандай, БҰҰ жоғарғы комиссар басқармасының босқындар ісі бойынша Ресейдегі өкілдігі бас прокуратура шешімін халықаралық ұйымның конвенциясына қайшы деп есептейді.

Сонымен қатар, БҰҰ бұл әрекет Ресей Федерациясының заңына да қарсы келіп тұрғанын айтты.

Олардың айтуынша, шешім Ертаевты босқын мәртебесінен айыру шағымына сот үкімі шықпай тұрып қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін Жомарт Ертаевтың үй қамаққа алынғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768351-ertaev-tergeu-izolatoryna-togytylmajtyn-boldy.html