RU

Тәжікстанда немересін тірідей көмген әжей 18 жылға сотталып кетті

Тәжікстанда үш жастағы немересін өлтірді деп айыпталған 58 жастағы Ходжарой Ашуроваға сот үкімі шықты. Енді әйел адам 18 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: red-ural.ru
Көрнекі фото: red-ural.ru: Depositphotos

Мемлекеттік айыптаушы Ашурова Ходжарой Ашурова үшін 20 жыл сұраған болатын.

Сот 18 жылға бас боинадығынан айырған сотталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында болған. Ауыл тұрғыны Ходжарой Ашурова немересін тірідей көмген. Кішкентай Бехрузджонаның денесін алты күн өткеннен кейін тапқан.

Ходжарой Ашурова тергеу кезінде келінімен арада болған араздық үшін, немересінен өш алғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768362-tzikstanda-nemeresin-tiridej-kmgen-zej-18-zylga-sottalyp-ketti.html