Выйти
RU

"Өсірдім, жеткіздім": Роза Рымбаева болашақта қандай келін қалайтынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Роза Рымбаева ұлдарының отбасын құруы мен болашақ келінің қандай болу керектігі жөнінде ойын ашып айтты. Әнші бұрын соңды еш жерде айтпаған сырымен "Ойбай Life" бағдармасына берген сұхбатында бөліскен деп жазады NUR.KZ.

"Мен үшін ең бастысы - балаларымның бақытты болғаны. Ең асыл арманым осы. Мен екеуін бүгінге дейін жалғыз өзім тәрбилеп өсіріп келе жатырмын. Енді олар мәңгілік менімен бірге болмайды. Олардың өз өмірі мен отбасы болуы заңдылық.
Әрине бір күні олар екеуі де маған келін алып келеді. Сол кезде менің тілегім: өз отбасымен бақытты болса болды. Маған одан басқа ештеңе керек жоқ. Өсірдім, жеткіздім. Енді ары қарай өз өмірлерін өздері сүру керек" , - деді Роза Қуанышқызы.

Сахнада 50 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп жүрген әнші ұлдарының таңдауын қолдайтыны мен оларға сенім білдіретінін жеткізді.

Роза Рымбаеваның эксклюзивті сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өсірдім, жеткіздім": Роза Рымбаева болашақта қандай келін қалайтынын айтты