RU

Германияда бір тонна шоколад көшеге ағып кетті (фото)

Германияның батысында орналасқан Верль қаласында тәтті өндіретін фабрика салдарынан төтенше жағдай орын алды. Бір тонна еріген шоколад көшеге ағып кеткен. Бұл жөнінде қаланың өрт сөндіру қызметі хабарлады деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: Getty Images

Оқиға дүйсенбі күні кешкі уақытта болған. Өндіріс апаты салдарынан ағып кеткен сұйық шоколад он шаршы метр аралықты қамтып, жерге қатып қалған. Нәтижесінде, көшеде алып шококлад плиткасы пайда болған.

Өрт сөндірушілер бірнеше сағат бойы көшені күрекпен де, білектің күшімен де тазартуға тырысқан. Олар қатып қалған шоколадқа ыстық су құйып, от та жаққан.

Soester Anzeiger басылымының мәлімдеуінше, фабрика бүгін жұмысын қайта бастамақ. Мекеме басшысы бұл жағдай жаңа жылға екі-үш күн қалған кезде болмағанына тәубе етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768385-germaniada-bir-tonna-sokolad-ksege-agyp-ketti-foto.html