RU

Тәжікстанда жігіттер жаппай хит президенттің ұлына еліктеуде (фото)

Тәжікстанда жас жігіттер мемлекет басшысының ұлы Рустами Эмомалиге еліктей бастаған. Жергілікті шаштаразшылар қазір көптеген азаматтарды дәл Душанбе мэрінің шаш үлгісі қызықтыратынын айтады деп хабарлайды "Орта Азия жаңалықтар қызметіне" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Орта Азия жаңалықтар қызметі
Фото: Орта Азия жаңалықтар қызметі: Twitter

Қала тұрғыны Рамазон өз досының тойына дәл Рустами Эмомалидің шаш үлгісімен келіпті.

"Барлығы таң қалды. Мен де енді ресми киімдермен жақсы үйлесетін осы шаш үлгісімен жүрсем деймін", - деді ол.

Азаматтың сөзінше, қазір көшеде осы шаш үлгімен жұретін жігіттерді көп кездестіруге болады.

Ал Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Асхободдин Шамсиддинов та өзіне "Рустам Эмомалидің шаш үлгісі" ұнайтынын айтқан.

"Көпшілігі жас әрі табысты басшы, Душанбе мэрін үлгі тұтады. Сол себепті, барлық жағынан соған ұқсағысы келеді", - деді Асхобиддин.

Душанбе қаласының орталығындағы шаштаразшы Рустам Эмомали сияқты болғысы келетін жігіттердің көбейгенін жеткізген.

"Күніне кем дегенде 4-5 адам мэрдің шаш үлгісін жасап беруді сұрайды. Бұл жұмысты тек көп тәжірибесі бар кәсіби шаштаразшылар ғана жасай алады. Сондай-ақ, оның бағасы сәл қымбат болады", - дейді ол.

Айта кетейік, 2017 жылдың басында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбені 20 жыл басқарған мэр Махмадсаид Убайдуллоевті қызметтен аластатып, орнына үлкен ұлы Рустам Эмомалиді қойған еді.

Осыған дейін мемлекет басшысының үлкен ұлы Тәжікстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігін басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768396-tzikstanda-zigitter-zappaj-hit-prezidentti-lyna-elikteude-foto.html