Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ессіз ғашық болып қалған жігіт кітапханада кездестірген аруға іздеу салды

Опубликовано:

Қытайда Бейжің тұрғыны кітап дүкенінде кезіктірген бейтаныс ару үшін жұмысын тастап, үйіне баруды қойған. Ессіз ғашық болып бойжеткенмен танысуға батылы бармаған жігіт енді бар уақытын оны іздеумен өткізуде деп жазады lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sohu
Фото: Sohu: Instagram

25 жастағы азамат жүрегінің қалауын қыркүйек айында кезіктірген. Алайда, ер адам қасында басқа қыз болғандықтан ессіз ғашық болып қалған аруымен таныса алмаған.

"Оның жүрегін жаралағым келмеді. Оның көзінше барып танысып тұрғаным артық болатын еді. Алайда, кітап дүкеніндегі ару екеуміз бір-бірімізге қарағанда-ақ мен сезім ұшқынын байқадым. Бірден сүйіп қалдым" , - дейді жігіт.

Сол кездесуден кейін қытайлық азамат жұмысы мен үйін тастап кетті. Ол енді таң атысымен кешке шейін бейтаныс қызды әлгі кітап дүкенінде күтіп әлек. Ер адам ессіз ғашық қылған сылқымды қайтадан сол жерде кезіктіреріне үмітті.

Ол тіпті бойжеткеннің суретін салып, өткен-кеткендерден сұрастырып та көрген. Оған қоса, жас дігіт жүрегінің қалауын полицияның көмегімен іздестіруге тырысқан. Алайда, әзірге нәтиже жоқ.

Бейтаныс аруға ғашық болған жігіт бүгінде әлеуметтік желілерде танымал болып, қызу талқыланып жатыр. Алайда, көпшілік оның әрекетіне тәнті болмай, керісінше одан қорқу керектігін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1768400-essiz-gasyk-bolyp-kalgan-zigit-kitaphanada-kezdestirgen-aruga-izdeu-saldy/

pixel