RU

Түркияда пойыз рельстен шығып кетіп, төрт адам көз жұмды (фото, видео)

Анкарада жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған Риа Новости.

Апат салдарынан көптеген адамдар зардап шеккен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жедел жәрдем зардап шегушілерге көмек көрсетуге асығуда.

Life.ru Коньяға кетіп бара жатқан пойыздың маневрлі локомотивпен соқтығысқанын жазса, Вести.ru оқиға салдарынан төрт адам көз жұмып, 43 адам зардап шеккенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768408-trkiada-pojyz-relsten-sygyp-ketip-trt-adam-kz-zmdy-foto-video.html