RU

Қамырды оңды-солды лақтырып билеген жігіт жұртты таңырқатты

Әлеуметтік желіде аспаздың пицца қамырын қолына алып, залдағы меймандардың алдында билеген видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Youtube
Фото: Видеодан кадр/ Youtube: Facebook

Пицца әзірлеушінің шеберлігі адамды таң қалдырмай қоймайды. Видеода тамақтануға келген мейманхана қонақтары шоуға қызыға қарағанын байқауға болады.

Сондай-ақ, меймандарды қамырдың үзіліп кетпеуі де ойлантып қойған сыңайлы. Ал ештеңе уайымдамаған аспаз музыкаға елітіп, қамырды шыр айналдырып жіберген.

Айта кетейік, Тони есімді аспаз өз шеберлігі мен билерін әлеуметтік желіде бөлісіп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768414-kamyrdy-ody-soldy-laktyryp-bilegen-zigit-zrtty-tayrkatty.html