RU
Ақтөбеде жүрек тұсынан жарақат алған оқушыға шұғыл ота жасалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтөбеде жүрек тұсынан жарақат алған оқушыға шұғыл ота жасалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болған жанжалға қатысты дәрігерлер мән-жайды айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: diapazon.kz

Көрнекі фото: diapazon.kz

"Пышақ жарақатын алған оқушы сенбі күні күндіз түсті. Түскен кезде жағдайы орташа мен ауырдың арасында болды. Жарақат сол жақтан болған соң жүрекке жетпегені тексерілді. Бала бірден отаға алынды. Жарақаты жүрекке жетпеген.
Қазір жағдайы орташа. Пышақ қиғашынан 5 -6 см тереңдікке кірген. Жарақат тіке болғанда адам өміріне қауіп төндіретін еді. Жарақат баланың аяғында да бар", - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сағидолла Досмағанбетов.

Дәрігерлер баланың қашан ауруханадан шығарылатыны белгісіз екенін айтты.

Еске сала кетейік, оқиға 8 желтоқсан күні мектеп-интернатының ішінде болған. Жанжалдасқан оқушылар туралы мектеп-интернатының директоры айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
5
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel