RU

Сарапшылар ең қауіпсіз көліктерді атады

Euro-NCAP еуропалық ұйымы 2018 жылдың ең қауіпсіз автомобильдерінің рейтингін шығарды. Тізім аталған ұйымның ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: © Flickr/48PRODUCT
Көрнекі фото: © Flickr/48PRODUCT: Facebook

Сарапшылар тестілеу өткізіп, жеңімпаздарды төрт санат бойынша анықтады.

"Үлкен отбасылық автомобиль" мен "Гибридтер мен электрокарлар" санаттары бойынша Lexus ES 300h седаны жеңімпаз атанды.

Оның қауіпсіздікті қамтамассыз ететін құрылғысы 77 пайзыға бағаланса, жүргізушілер мен жасы үлкендердің қауіпсіздігі үшін 91 пайзыға ие болды. 87%-ы - балалар қауіпсіздігіне, 90%-ы - жаяу жүргіншілер жолағындағы қауіпсіздік үшін берілді.

"Отбасылық шағын автомобиль" номинациясы бойынша ең қауіпсіз деп Mercedes-Benz A-Class атанды.

Аталған хетчбэк үлкендер мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін 96%-ға, балалар қауіпсіздігі үшін - 91%, жаяу жүргіншілер жолағы үшін - 92 пайызға жауап берген.

"Үлкен кроссовер" санаты бойынша Hyundai Neхо жеңімпаз атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768426-sarapsylar-e-kauipsiz-klikterdi-atady.html