RU
Ота жасалған әйелді скотчпен таңып қойғандар жаға ұстатты (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ота жасалған әйелді скотчпен таңып қойғандар жаға ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік ауруханалардың бірінде науқасты отадан кейін кеңсе скотчымен таңып қойған деп хабарлайды Amur.info.

Фото: amur.info

Фото: amur.info

Благовещенск қаласының 63 жастағы тұрғыны қызының хал-жағдайын білуге келгенде өз көзіне өзі сенбеген. Ол отадан шыққан қызының ішіне арнайы пластырьдің орнына скотчтің жабысып тұрғанын көріп, таңырқап қалған.

Аталған жайт әйелдің ашуын тудырған. Себебі тұрғынды отадан кейінгі уақытта сақталатын тазалықтың бұзылғаны қынжылтқан.

Ал ауруханадағылар бұл жайтты хирургиялық бөлімде пластырдің бітіп қалуымен түсіндірген.

Бұған қатысты пікір білдірген Ресей денсаулық министрлігі де ауруханада пластырь барын, ал дәл хирургиялық бөлімде пластырдің бітіп қалғанын жеткізген.

Ал аталған проблеманы шешу үшін министрлік қалған пластырлерді өзара бөлім арасында бөлісуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel