RU

"Шешімді сен қабылдауың керек": Назарбаев президент болудың қиындығы туралы айтты (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жұмысының қиындықтары туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: pskov.kp.ru
Фото: pskov.kp.ru: Facebook

Мұрағаттағы видеоның үзіндісін Instagram әлеуметтік желісіндегі президент Телерадиокешені жариялаған.

"Көшбасшы болудың нағыз қиындығы оның әрдайым бірінші болуында. Сен барлығын алға алып жүресің. Бірақ қайда алып бара жатқаныңды білуің керек", - деді Елбасы.

Президент жанында көптеген кеңесшілері мен көмекшілер жүретінін айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, олар "снарядтарды әкеліп береді", жазып, сараптап, түрлі нұсқаларды қарастырады.

"Алайда шешімді сен қабылдауың керек. Олар өз жазғандарына жауап бермейді. Президентке шешім қабылдап, оған жауап беруі керек. Міне, президенттің жалғыздығы деген осы. Сен жалғыз өзің отырып, жұмыс істейсің", -деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768441-sesimdi-sen-kabyldauy-kerek-nazarbaev-prezident-boludy-kiyndygy-turaly-ajtty-video.html