RU

Бриллиантпен безендірілген ұшақ көпшілікті таңдай қақтырды (фото)

Дубайлық "Emirates" авиациялық компаниясы өзінің Instagram парақшасында мың гауһар таспен безендірген ұшақ суретін жариялады деп хабарлайды Islamtoday сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: emirates
фото: emirates: Facebook

Айта кететіні, бұл нағыз гауһардан жасалған ұшақтың кескіні емес болып шықты. Бұл фоторедактор көмегімен өңделген лайнердің суреті.

Оны суретші Сара Шахиль ерекше шабытпен жасап шығарған. Ол өзінің жұмысын Instagram парақшасына өткен аптада жариялады. Суретшінің дизайнерлік жұмысын ұнатқан компания өкілдері "Emirates" парақшасына салу үшін ресми түрде Сара Шахильден рұқсат сұраған.

Компания басшылары алғыс ретінде Пакистан-Милан рейсіне жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді ұсыныпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768449-brilliantpen-bezendirilgen-sak-kpsilikti-tadaj-kaktyrdy-foto.html