RU

Астана-Алматы бағытындағы ұшақта ресейлік жолаушы бүлік шығарды

Көлік полицейлері "Астана-Алматы" бағытындағы әуе рейсіне мас күйінде отырған Ресей азаматын түсіріп тастады деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: aviata.kz
Фото: aviata.kz: Twitter

Көлік полиция департаментінің мәліметінше, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне "Эйр-Астана" әуекомпаниясы өкілдерінен "Астана-Алматы" рейсінің бортында құқық бұзушы отырғандығы туралы шағым келіп түскен.

"Көлік полицейлері тексеріс жүргізу кезінде 65 жастағы Ресей азаматын анықтаған. Ішімдік ішкен ер адам өзін агрессивті ұстаған. Жолсеріктердің ескертпелерін құлағына ілмей, жолаушылардың мазасын алған. Жағдайды анықтау үшін ер адам рейстен түсірілді. Медициналық сараптамаға сәйкес одан орташа дәрежеде алкогольдық мастық анықталды", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕМ мөлшерінде (12025 теңге) айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768468-astana-almaty-bagytyndagy-sakta-resejlik-zolausy-blik-sygardy.html