RU

Бүгін - Халықаралық ана тілі күні

Бұл күн 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы 21 ақпаннан бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.

Тіл - тек қатынас құралы ғана емес.

Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адам атаулының түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді.

Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу бейбітшілік сақтаудың кілті болып табылады.

Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар.

Тіл сана-сезімімізді қалыптастырады

Әр халықтың ерекшелігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін өзіне ғана тән сөз тіркестері бар.

Өз атымызды иеленгеніміз сияқты тілімізді де балалық шақтан өз бойымызға ана сүтімен сіңіреміз.

Тіл сана-сезімімізді қалыптастырады, өз бойындағы мәдениетін бізге сіңіреді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/176847-bygin-halykaralyk-ana-tili-kyni.html