RU

Екінші рет тоқал атанған қызылордалық келіншектің өміріне жұрт қызыға жөнелді

Екінші рет тоқал атанған қызылордалық келіншек өзінің шалқыған өмірі жайлы айтып берді. Алғашқы тоқалдық өмірі сәтсіз аяқталған әйел екінші рет те тоқал атанған. Ол қазіргі жарының Қызылорданың қақ ортасынан екі бөлмелі пәтер алып бергеніне мақтанды деп жазады NUR.KZ.

Фото: wallpaperclicker.com
Фото: wallpaperclicker.com: Instagram
"Мен осымен екінші рет тоқал болып күйеуге шығып отырмын. Бірінші некемдегі жарым мені тастап кеткен болатын. Одан бір балам бар. Қазір екінші рет тағы бір кісіге тоқал атандым. Өзі мені қатты жақсы көреді. Біздің некемізге әйелі де қарсы болмады", - деген келіншек бәйбішенің үш баласы бар екенін мәлім етті.

"Өзім саудамен айналысамын. Қазіргі күйеуім Қызылорданың қақ ортасынан екі бөлмелі пәтер алып берді. Астыма көлік те мінгізді. Маған күнде келмесе де, анда-санда келіп тұрады", - дейді қызылордалық келіншек.

Kizdar_syry парақшасына өзінің шалқыған өмірі жайлы айтқан келіншек, көпшілікке "тоқал" атануға кеңес берді.

"Мен күйеуімнің кетпеуі үшін бәрін жасаймын. Бәйбіше болып, бақытсыз күн кешкенше, тоқал атанып, тәтті өмір сүріңдер", - деп сөзін аяқтады әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768487-ekinsi-ret-tokal-atangan-kyzylordalyk-kelinsekti-mirine-zrt-kyzyga-zneldi.html