RU

Алматы облысында 11 оқушы химия сабағында уланып қалды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы мектепте химия сабағынан соң 11 оқушы уланып қалды деп хабарлайды Tengrinews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:www.jv.ru
Фото:www.jv.ru: Instagram

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 12 желтоқсан күні Қаракемер ауылындағы Орынбетов орта мектебінде болған.

Оқушылар химия сабағынан соң жағымсыз иістің пайда болғанын айтып шағымданған. Сыныптағы 27 оқушының 11-і өздерін жайсыз сезініп, ауыра бастаған.

"Балалардың барлығына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, медицина қызметкерлерімен бірге аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Тез арада мамандар оқушылардан анализ алып, симтомдық ем жүргізіп, ішек қуыстарын ЭКГ, УЗИ-ге түсіріп, ақыл-кеңесін берді. Қазір барлығын тексерудеміз", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Ал 13 желтоқсандағы тексеруден соң оқушылардың жалпы жағдайы жақсарғанын дәрігерлер хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768490-almaty-oblysynda-11-okusy-himia-sabagynda-ulanyp-kaldy.html