RU

Еліміздің батысында күннің күрт суытуына орай дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің батыс өңірінде күннің күрт суытуына орай дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:politeka.net
Фото:politeka.net: Instagram

Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында 14 желтоқсан күні жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі.

Сондай-ақ 14 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768494-elimizdi-batysynda-knni-krt-suytuyna-oraj-dauyldy-eskertu-zarialandy.html