RU

Жігер Ауыпбаев туған інісіне ота жасалатынын айтты (фото)

Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев туған інісіне ота жасалатынын айтқан. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші інісімен түскен суретін жариялап, оның көру қабілеті нашар екенін жеткізген. Ол жақында Стамбұл қаласында ота жасататын інісі үшін дұға тілейтінін, бар үміті Аллада екенін айтыпты.

Жанымда тұрған өзімнен кейінгі бауырым,тынысым,інім Алмас. Бір құрсақты жарып шыққан төрт қыз,екі ұл болсақ,сол екеуі фотода тұр. Алмастың өнерге деген құштарлығы өте жақсы.Туған-туыс,дос-жарандардың арасында Алмас гитарасын алып шырқағанда мен өтпей қаламын. Ән айтып қана қоймай ақындық қасиеті мен қоса композиторлық қабілеті де бар. Бірақ көбі не үшін көзілдірік тағатынын сұрайды. Інімнің көзінің көру қабілеті төмен.
Нақтырақ айтар болсам бір көзі -20, ал екінші көзін айтпай ақ қояйын. Бұйырса жақын арада інімнің көзіне операция жасатуға Стамбұл қаласына аттанғалы отырмыз. Көру қабілетін жақсартып береміз деп сөз берген "Ersoy” клиникасына алғысым шексіз. Бар үмітім ең бірінші Мейірімді Аллаға,одан кейін себепкер болатын"Ersoy” клиникасында қызмет ететін мамандарда болып тұр. Бәрі сәтті болып кетсе екен.
Операциядан кейін бұйырса Алмас жеке шығармашылығына кірісіп,алғашқы қадамымен,жаңа тыныс,жаңа әндерімен сіздерді қуантадын болады" , -деп жазған ол.

Желі қолданушылары әншінің інісіне зор денсаулық тілеген.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768511-ziger-auypbaev-tugan-inisine-ota-zasalatynyn-ajtty-foto.html