RU
Желіде төсін жалаңаштаған қазақ қызын "Қалаулым" қатысушысы сынап тастады

Желіде төсін жалаңаштаған қазақ қызын "Қалаулым" қатысушысы сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын өзінің жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық нақышын тағып суретке түскен Шырын Нарчева есімді 18 жастағы аруды "Қалаулым" қатысушысы қатаң сынға алды деп жазады NUR.KZ.

"Өз ойым" бағдарламасына қонаққа келген Бердах бойжеткеннің ашық-шашық суреттерін қатаң сынаған.

"Сіз басқаларға қазақ қыздарының айнасы ретінде көрініп отырсыз. Сіз "Қазақ қыздары осындай" деген ой қалыптастырудасыз. Сосын Зере мен Айғаным таққан қасиетті нақышты жалаңаш төсіңізге тағуға қандай ақыңыз бар? Әжелерімізден қалған қазақтың кереметтей әшекейін қорладыңыз.

Ләззат пен Сәбира не үшін алаңға шықты? Оларды қорғаймын деген Қайрат не үшін шықты? Егер сіздің басыңызға күн туса, сіздің қорғауға қай еркек барады? Төсіңізді көрсетіп, етегіңізді ашып жүрдіңіз жұртқа", - деді ашуға бой алдырған Бердах.

Ал Шырын Нарчева "Сіз менің болашақта қазаққа тұрмысқа шығатынымды қайдан білесіз? Кім айтты? Менің болашағымды көрдіңіз бе?", - деп дүрсе қоя берді.

Айта кетейік, Шырын Нарчева өзінің жалаңаш тәніне қазақтың ұлттық әшекейін таққан суреті арқылы көпшілікке танылып кетті.

Сіздің реакцияңыз
37
3
3
2
0
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel