RU

Украиналық жігіт туған анасын 17 жерден пышақтап өлтірді

Украинаның Мукачево ауданында 24 жастағы азамат өзінің 43 жастағы анасын 17 жерден пышақтап өлтірген. Бұл оқиғаға қатысты Берегов бөлімі полицейлері қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Myaltai.com
Фото: Myaltai.com: Twitter

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, марқұмның ұлы есірткіге тәуелді болған.

"Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері зорлықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Тексеру кезінде зардап шеккен әйелдің денесінен көптеген пышақ жарақаттары табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілген", - деп хабарлады полиция қызметі.

Ал 24 жастағы жігіт Гать ауылынан табылған. Қазір ол Украина Қылмыстық кодексінің 115-бабы, 1- бөлімі бойынша күдікті деп танылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768605-ukrainalyk-zigit-tugan-anasyn-17-zerden-pysaktap-ltirdi.html