RU

Эфирде әдепсіз сөйлеген Замира көпшіліктің қаһарына ұшырады (видео)

Желіге тарап кеткен Замира Сұлтанның видеосы желідегілердің қызу талқысына түсуде. Өмірдің мәні жыныстық қатынас екенін айтқан атышулы әйел өзінің оқырмандарын ашуландырып алған деп жазады NUR.KZ.

Замира Сұлтан әлеуметтік желінің тікелей эфиріне өзінің ғашығымен бірге шыққан.

Ол оқырмандарының өзіне жолдаған түрлі сауалдарына жауап берген. Солардың арасында оқырман жолдаған "Өмірдің қызығы неде?" деген сұрағына Замира әдепсіз мағынада жауап қайтарады.

Бұл видео жазбаны тамашалап отырған желі қолданушылары Замира Сұлтанованы жерден алып, жерге салған.

"Ұятсыз, ендігі жетпегені осы еді" , "Адам аздап болса да, ұялу керек қой. Қайда кетіп барасың?" , "Балаларың бар, талқылап отырғаның мынау" , "Қазақ деуге ұяласың сені. Әбден ұяттан жұрдай екенсің" , "Қалай хайп жасарыңды білмей жүрсің ғой" деп жазуда көпшілік.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Айта кетейік, бұған дейін Замираның дастархан үстінде іш киімін шешкені жөнінде жазған болатынбыз. Оған қоса, әлеуметтік желіде атышулы әйелдің сиыр сауып отырған видеосы да таралып кетті.

Сонымен қатар, қалаулымдық ару сүйіктісін желіде барша халықпен таныстырғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768633-efirde-depsiz-sjlegen-zamira-kpsilikti-kaaryna-syrady-video.html