RU

Алматыда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы талқыланды

13 желтоқсан күні Алматыда «Қазақстан Респбуликасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер және даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

Форум-кеңес түріндегі шара БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және салымшылар (алушылар) қатысты.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

Жиында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдық тарихынан бөлек, жүйені дамытудағы негізгі бағыттар талқыланып, еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту себебі, БЖЗҚ құрудағы артықшылықтар мен кемшіліктер айтылды.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма Басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның айтуынша, жүйе бүгінде толығымен қалыптасып, жұмыс істеп, даму үстінде. 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн астам жеке зейнетақы шоты ашылған. Бұларға жалпы есебі 9,1 трлн теңге зейнетақы жинағы шоғырландырылған.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

2013 жылы МЖЗҚ (ГНПФ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, барлық жеке зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелері толығымен осы БЖЗҚ-ға өтті.

Бұған жеке қорлардағы зейнетақы активтерін инвестициялау сапасының төмен болуы секілді факторлар әсер еткен. 2006 және 2009 жылдарды қоспағанда, 2003 жыл мен 2013 жыл аралығында барлық зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерінің орташа кірісі инлфяция деңгейінен төмен болды.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

Зейнетақы активтерінің БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы көптеген басымдықтарға мүмкіндік берді: операциялық шығындар төмендеп, инвестициялық кіріс көбейді, зейнетақы жүйесі қатысушыларының жекелеген мәліметтерін қорғаудың тиімділігі артып, зейнетақы қызметтері электрондық форматта қолжетімді болды.

БЖЗҚ тәуелсіз компаниямен бірлесе отырып халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім индексін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде ҚР тұрғындарының 58 пайызының зейнеқатымен қамтамасыз ету бойынша базалық білімге ие екендігі анықталды. Халықтың 25 пайызның бұл салаға қатысты білімі айтарлықтай жоғары. Сұралғандардың 61 пайызы зейнетақы жасына жеткенде олардың негізгі күн көрісі зейнетақы жинағы болатынын жақсы түсінеді.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: Дөңгелек үстел басында жүйенің өткені, бүгіні және болашағы талқыланды

2017 жылғы мәліметтер бойынша еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жуықтайды. Ерлер арасында – 69 , ал әйелдер арасында – 77 жас. Яғни, зейнет демалысына шыққан ерлердің өмір сүру ұзақтығы 81 жылды құрайды (зейнетке шыққаннан кейінгі 18 жыл). Әйелдер арасында 82,2 жыл. Бұл дегеніміз зейнетке шыққаннан кейінгі 24 жыл.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, БЖЗҚ төлемінің жиынтық зейнетақы төлеміне үлесі 12 пайызды құрады. Түрлі болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай бұл 46 пайыздан 60 пайызға дейін көбейеді.

Алматыда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы талқыланды

Бүгінде БЖЗҚ-ны жоғарытехнологиялық ұйым деп атауға толығымен негіз бар. Ұйым салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету үшін интернет арналар мен мобильді жүйелерді, түрлі мессенджерлері пайдаланады. 2017 жылдың шілдесінен бері шот ашу пен төлемдерді алуға дейінгі барлық қызмет түрі Қордың сайтында электронды форматта қолжетімді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның бұдан 20 жыл бұрын зейнетақы реформасын жүргізуі қоғам және экономика үшін маңызды қадам болғанын атап өтті. Яғни, 20 жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің дағдарысқа төзімділігін, өміршеңдігін дәлелдеді және даму бағыттары айқын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768731-almatyda-zinaktausy-zejnetaky-zjesini-20-zyldygy-talkylandy.html