Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болса, сұрамас едім": Алматы облысында әкім 35 млн теңгеге үй сатып алмақ болған

Опубликовано:

Алматы облысында Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев жеке моншасы мен көлік тұрағы бар үйді 35 млн теңгеге алғысы келген. Алайда оған әкімдік кедергі келтіріпті деп хабарлайды КТК.

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Фото: Видеодан кадр/ КТК: Instagram

Жалпы көлемі 180 шаршы метрді құрайтын, өз құрамына монша мен көлік тұрағын біріктіретін үйдің сипаттамасы бар лот мемлекеттік сауда сайтында жарияланған екен. Әкім қызметтік үйді сатып алу үшін бюджеттегі пайдаланылмаған ақшаны жұмсауды көздепті. Ол жаңа үйіне Жаңа жылға дейін көшуді жоспарлаған көрінеді.

Бағдат Әлиев өзінің баспанасы жоқ екенін, өзі үлкен отбасымен 80 шаршы метрлік пәтерде тұратынын айтқан.

"Болса, сұрамас едім. Біреудің үйін жалға алып тұрып жатырмын. Отбасымда төрт балам бар. Сенбі күні келеді, қайда барамыз? 40 жылда бірдеңе  бүлдірдім деп те ойламаймын", –  дейді Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев.

Одан бөлек, шенеунік Ұзынағашта тұрғын үйлердің қымбат екенін, сол үшін ол орташа бағадан төмен үй сатып алғысы келгенін жеткізген.

Жергілікті риэлторлардың айтуынша, кентте 35 млн теңгеге үйлер сатылмайды. Сату жөніндегі менеджердің сөзінше, биылғы жылы жылжымайтын мүлік бағасы құлдырап кеткен соң еурожөндеу жасалған екі қабатты үйдің ең жоғарғы бағасы 25 млн-ға жетіпті.

Облыстық әкімдікте аудан басшысын сынға алып, оған қымбат жылжымайтын мүлікті сатып алуға рұқсат етпеген. Облыс әкімі аталған лотты жойып, Алиевке ескерту жасаған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1768831-bolsa-sramas-edim-almaty-oblysynda-kim-35-mln-tegege-j-satyp-almak-bolgan/

pixel