Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген 27 жетістігі

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің 27-ші мерейтойы тойлануда. Осы уақыт аралығында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. NUR.KZ назарларыңызға Қазақстанның 27 жетістігін ұсынады.

коллаж

1. 1991 жылы 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.Осыдан ел тарихының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасының шекарасы белгіленіп, мемлекеттік нышандар бекітілді.

2. 1991 жыл 29 тамыз — Семей ядролық полигоны жабылды. 3. 1992 жыл екінші наурыз - Қазақстан БҰҰ-на мүше болды

4. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. 5. 1994 жылы алтыншы шілдеде Қазақстан астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ауыстырылды.

6. 1995 жылы 30 тамыз Қазақстан Конституциясы қабылданды. 7. 1995 жылы Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылды.

8. Қазақстан -2030 жоспарын жүзеге асыру басталды. Институттар құрылып, орта тап азаматтарының өмірлері жақсаруы үшін жағдайлар жасалды.

9. Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 ел құрамына кірді.

10. 1991 жылдан бері азаматтардың жалақысы 17 есе өсті. 11. Еліміздің әскери күштері БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатыса бастады.

12. 1999 жылы БҰТ енгізілді. 13. Қазақстан ұсынысы бойынша БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. 14. 2000 жылы ең ауқымды жоба — Қашаған мұнай және газ кен орны іске қосылды 15. 2017 жылы Қазақстан 2019-ға дейін БҰҰ-ның уақытша мүшесі болды

16. Әлемнің 100-ден аса еліне 2500 тауар түрін экспорттайды.

17. Әлемнің 182 елімен дипломатиялық байланыс орнатты.

18. Туу көрсеткіші 60 пайызға өсіп, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 72 жасқа өсті.

19. 1 500 мектеп пен 2 700 балабақша салынып, қолдануға берілді.

20. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етті.

21. 2011 жылы Астане мен Алматы қалаларында VII қысқы Азиялық ойындар өткізілді.

22. 2014 жылы 24 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одағын құру келісімшартына қол қойылды.

23. Тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияға салынған инвестицияның 70 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Қазақстанға 300 миллиард доллар инвестиция салынған.

24. Индустриализация жылдарында 1250 кәсіпорын құрылып, 300 мың жұмыс орны ашылған. 25. 2017 жылы халықаралық EXPO көрмесін өткізді.

26. 27 жыл ішінде Қазақстан 70 олимпиада жүлдесін ұтып, 700-ден аса халықаралық жарыстарда жеңіске жетті.

27. 2017 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан сирияаралық жанжалды бейбіт жолмен шешетін алаңға айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768855-kazakstanny-tuelsizdik-zyldarynda-kol-zetkizgen-27-zetistigi/

pixel