Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев өміріндегі ең қиын сәт туралы айтып берді (видео)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрағаттық сұқбаты Ақорданың ресми Facebook парақшасында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

liter.kz
Фото: liter.kz: Facebook

Сұқбат кезінде Нұрсұлтан Назарбаев елдің тәуелсіздігін жариялау қаншалықты қиын шешім болғанын атап өтті.

"Ең қиын сәт - ол сенің шешіміңе бүкіл бір халықтың тағдыры тәуелді болуы. Қаншалықты қиын болды және не себепті? Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде 130 халық өкілдері тұрады. 45 діни конфессия бар. Осы жағдайды ескерсек, тәуелсіздікті жариялау оңайға соқпады", - деді Елбасы.

Президенттің сөзінше, халықтың өзі тәуелсіздікті жариялау керегін түсінуге тиіс еді.

Елбасы сол кездегі дағдарыстың күшті болғанын, барлық нәрсе тапшы болғанын еске алды.

Президент 26 жыл бұрын өмір сүру қаншалықты қиын болғанын көп адамның ұмытып кеткенін баса айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тәуелсіздік күні тойлануда. Биыл егемендігімізді алғанымызға 27 жыл болды. Осыған орай, Қазақстанның 27 жетістігін назарларыңызға ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768878-nazarbaev-mirindegi-e-kiyn-st-turaly-ajtyp-berdi-video/

pixel