RU
Теміртауда жедел жәрдем көлігін өткізбеген жүргізуші жұрт ашуына тиді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Теміртауда жедел жәрдем көлігін өткізбеген жүргізуші жұрт ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Теміртау қаласында белгісіз жүргізуші жжедел жәрдем көлігінің дыбыс және жарық дабылы қосулы болғанына қарамастан, жол бермеген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

24.kz

Көрнекі фото:24.kz

Оқиға 16-шы желтоқсан күні, түскі 13.00 шамасында Металлургтар даңғылында болған.

Жедел жәрдемнің дабыл белгілері қосулы болғанына қарамастан көлік иесі жол бермеген.

Нәтижесінде жедел жәрдем жүргізушісі артқа беріп, көлікті өткізуге мәжбүр болған.

«Иә, ондай жағдай орын алған. 13-ші бригада шұғыл шақыртуға асығып бара жатқан», - деді Теміртау қаласының "Жедел жәрдем" бекетіндегілер.

Медицина қызметкерлері жедел жәрдем көлігі жол беруді сұрағанда ашуланбай, түсіністік танытуға шақырады.

Бүгін дәрігерлер жүргізушіге бейтаныс жанды құтқаруға асықса, ертең оның жақынына көмекке асығуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel