RU
Ғалымдар сериал көп көретін адамдар туралы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар сериал көп көретін адамдар туралы мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Психологтар сериал көп көретін адамдардың күйзеліске ұшырағанын мәлімдеді. Бұл пікірді клиникалық психолог-гипнотерепевт Ирина Коржаева да растаған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: lady.tut.by

Көрнекі фото: lady.tut.by

"Егер адам сериал көретін болса, онда оның уақыты көп деген сөз. Ал егер оның уақыты жоқ болса да, басқа жұмыстарды істемей, сериал көретін болса, онда ол күйзеліске ұшыраған деп анық айтуға болады", -дейді Коржаева.

Сондай-ақ, психолог мұндай жағдай адамның өмірден шаршауы және ештеңеге қызығушылығы болмауынан туындайды деп отыр. Ол ішіндегі жалғыздықты сериалдың басты кейіпкерлерімен толықтыратын көрінеді.

"Егер адам күнде ұйықтар алдында сериалдың бір немесе екі сериясын көрсе, онда барлығы қалыпты. Ал егер одан да көп көретін болса, психологиялық жағдайына назар аудару керек", - деді маман.

Одан бөлек, психолог апта бойы сериал көретін адамдардың жұмысы немесе жақын досы жоқ екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз
5
3
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel