RU

"Соңғы сапарға мен алып кеткенмін": Әкесін есіне алған Дастан Оразбеков елді жылатты

Дастан Оразбеков тікелей эфир кезінде әкесін есіне алып, көпшілікті жылатты. Әнші бағдарлама барысында асқар тауы жайлы сөз қозғағанда көз жасын тыя алмады деп жазады "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әкем енді мен үшін ерекше әрі ұлы тұлға. Мен оны есіме алғанда үнемі көңілім босап кетеді. Себебі оны үйде соңғы сапарға мен алып кеткенмін. Ауруханаға келіп, сол сапардан әкемсіз қайтқам" , - деп айтты Дастан Оразбеков.

Әнші бағдарлама жүргізушісі әкесі жайлы сұрағанда көз жасына ерік беріп, эфир барысында жылап жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, Дастан Оразбековтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769007-sogy-saparga-men-alyp-ketkenmin-kesin-esine-algan-dastan-orazbekov-eldi-zylatty.html