RU
Веган болу балалар үшін қауіпті ме?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Веган болу балалар үшін қауіпті ме?

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің ғалымдары веган болудың балалар үшін аса қауіпті екенін дәлелдеді. Мамандар бүлдіршіндердің еттен бас тартуы неге әкеп соғатынын да ашып айтты деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Мамандардың мәлімдеуінше, балалар екі жасқа дейін тиісті мөлшерде жануарлар майы мен ақуызбен қамтылуы қажет. Себебі, енді ғана жетіліп келе жатқан жас ағзаға олар ауадай қажет.

Алғашқы алты апта кезінде сәби өзіне қажетті дәрумендерді ана сүтінен алады. Алайда, осы мерзімнен соң, олардың ағзасы жануарлар майы және ақуызымен, көкөніс және жемістермен қамтылуы керек. Сондай-ақ, күнделікті тамақтану тәртібі бойынша бұлдіршіндер жұмыртқа жеп, міндетті түрде сүт ішу керек.

Ғалымдар еттен мүлде бас тарту бала денсаулығына тек кері әсерін тигезітінін айтты. Себебі, веган болған балалардың ағзасында жетіліп даму үшін қажетті заттар жетіспеушілігі пайда болады.

Мәселен, ағзаға темір жетіспесе қан аздық, ал B12 дәруменінің тапшылығы жүйке ауруларына шалдықтырады. Нидерландыда жасөспірімдерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде вегандардың ағзасына минералды заттар жетіспейтіні және 6-18 айында бойы дұрыс өспегені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel