Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін ешкімге кек сақтамаңыз. Біреудің алдында кінәлі болсаңыз, кешірім сұраған абзал. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 19-шы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін қиялға берілесіз, бірақ шынайы өмірді де ұмытпаған жөн. Бар ілтипатыңызды жақсы көретін жандарға арнағаныңыз дұрыс болады.

2. Торпақ

Бүгінгі күн тосынсыйларға толы болмақ. Жаңа таныстық, жаңа қызығушылық, жаңа білім, жаңа әсерлер және тағы басқа тосынсыйлар. Мұның барлығы өміріңізді әсерлі етіп қана қоймай, әлемге жаңаша қарауға мүмкіндік туғызады.

3. Егіздер

Бүгін өзіңізге қызықты іспен айналысқан жөн. Зеріктіретін жұмысты кейінге қалдыраңыз дұрыс болады, әйтпесе қате жіберуіңіз мүмкін. Өзіңізді қинап, қаламайтын істі істегенмен, оң нәтиже болмайды.

4. Шаян

Бұл сәрсенбіде сізді қиын сынақ күтіп тұр. Көптен бері шеше алмай жүрген мәселені шешетін кез келді. Қиындықтан қашпай, оны шешу жолын тапқан жөн.

5. Арыстан

Бүгін шығармашылық энергияңыз тасиды, өзіңіздің бар өнеріңізді көрсетуге ешкім кедергі бола алмайды. Тіпті техникалық жұмыстың өзінде шығармашылығыңызды қолданып, ерекше шешімдер ұсынып, әріптестеріңізді таңғалдырасыз.

6. Бикеш

Бикештерге үйреншікті әдеттерінен бас тарту оңай емес. Дегенмен өзгерістер енгізуге тура келеді. Егер өзгерістерді жақсы қабылдасаңыз, бұл өзіңізге деген сенімділікті арттырып, қарсы жыныстың алдында мәртебеңіз көтеріледі.

7. Таразы

Бүгін бәрін бақылауда ұстауға талпынасыз. Бірақ бұл айналаңыздағы кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынасты бұзып алмау үшін өзіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн.

8. Сарышаян

Бүгін байқампаздығыңыз бен зерделігіңіз негізгі қаруыңыз болады. Осы қабілеттеріңіздің арқасында адамдардың сізді алдап тұрғанын бірден аңғарып, кімге сенуге болатынын, ал кімге болмайтынын түсінесіз. Осының арқасында үлкен қатенің алдын аласыз.

9. Мерген

Бүгін қуатыңыз тасып, бар әлеуетіңізді көрсетуге тырысасыз. Бірақ қуатыңыз сарқылатындықтан, көп іске бірден кіріссеңіз, жұмыстар аяқсыз қалуы мүмкін. Сондықтан ең маңызды деген шаруалармен айналысқаныңыз абзал.

10. Тауешкі

Бүгін өте қолайлы күн. Барлық істе өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсете аласыз. Ең бастысы берілген мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Төрт қабырғада қамалып отырудың қажеті жоқ. .

11. Суқұйғыш

Бүгін бар қуатыңызды басқа адамдарға арнайсыз, сондықтан үйлестірушілік қабілеттеріңіз артады. Іскерлік кездесу ұйымдастырып, мейрамханаға тапсырыс беріп, кенет ұжымды жинап, кеш ұйымдастыру сіз үшін оңай іс болады.

12. Балықтар

Бүгін өзгерістерге дайын болған жөн. Әсіресе сырт келбетіңізге өзгеріс енгізсеңіз дұрыс болады. Бұл әйелдерге де, еркектерге де қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1769059-19-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel