RU

Желіде Хан тәңірінің ғарыштан түсірілген суреті тарады (фото)

Танымал ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский Хан Тәңірі шыңының ғарыштан түсірілген суретін жариялады. Twitter желісіне жүктелген фото көпшілікті тәнті етіп, қызу талқыға ұласқан деп жазады NUR.KZ.

"Хан Тәңірі шыңы Қытай, Қырғызстан және Қазақстанның шекараларында орналасқан. Бұл бұрыннан танымал тау шыңы. Ол аспанның әміршісі деген мағынаға ие" , - деген жазба қалдырған ғарышкер суреттің астына.

Желі қолданушылар ерекше суретке тәнті болып, тау шыңының ғарыштан көрінісіне жоғары бағасын берген.

"Бұл расымен ерекше әрі әдемі кадр", ""Керемет, бұл суреттің әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес" , - деп жазған көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769066-zelide-han-tirini-garystan-tsirilgen-sureti-tarady-foto.html