Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің досынан жүкті болып қалған әйел жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Күйеуінің досынан аяғы ауыр болып қалған келіншек өз мұңын шақты. 20 жастағы бикеш құрсағындағы баласының өз жұбайынан екеніне күмәнданатыны айтуда деп жазады Alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: yandex.by
Көрнекі фото: yandex.by: Twitter

Қазіргі уақытта күйеуімен ажырасып кеткен келіншек онымен заңды некеге тұрмағанын айтты. Одан бөлек, белгісіз азаматша сүйгенімен кездесіп жүргенде оның досы жыныстық қатынысқа сүйрелегенін де жеткізді.

"Күйеуіммен ажырасқаныма жарты жыл болды. Екеуміз заңды некеде тұрмағанбыз. Ол екеуміз үйленбей тұрып, жақын қатынаста болып қойған едік. Үйленетінімізге сенімді болдық. Содан кейін бірнеше ай кездесіп жүрдік. Сол кезде күйеуімнің жолдас баласы менің кыз емес екенімді біліп, жыныстық қатынасқа күштеп апарды.  Осы жағдай бірнеше рет қайталанды. "Егер менімен болуға келіспесең, ата-анаңа бəрін айтамын. Менімен болып жүргеніңді айтамын" деді. Мен қатты қорқып, ешкімге айтпадым", - дейді ол.

Уақыт өте бикеш өзінің жүкті екенін анықтаған. Ең сорақысы, ол жігітімен де, оның жолдасымен де болған айда бала көтерген екен. Бұл жағдайды ешкімге айтпаған ол уағдаласқан азаматына тұрмысқа шығып кетіпті.

"Енем мені алғашқы күннен-ақ жақтырмады. Маған "балаң кімнен екені құдай білсін", "Қазіргі қыздарға сенбеймін" деп айтып тастайтын. Тууға бір ай қалғанда енем ақыры мені күйеуімнен ажыратып жіберді. Күйеуім анасына қарсы шықпады. Қазір əке-шешемнің үйіндемін. Олар алимент төлетеміз деп отыр. Сотқа берді. Енді сот күні жақындап калды. Енем "ДНК тест жасатасыңдар" деп отыр. Ал менде күдік бар. Күйеуімнің жолдас баласынан көтеріп қалсам ше? Не істесем болады? Ауыр күнә жасағанымды білемін, амалым бар ма?", - дейді өз ісінің зардабын тартқан әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769091-kjeuini-dosynan-zkti-bolyp-kalgan-jel-zan-syryn-aktardy/

pixel