RU
Мадина Сәдуақасова камера алдында шу шығарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мадина Сәдуақасова камера алдында шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова өзіне ұнамай қалған журналистермен тілдесуден бас тартып, камера алдында шу шығарды. Ашуға бой алдырған шоу-бизнес жұлдызы өзінен сұхбат алмақ болған тілшіге ұрысып тастаған деп жазады "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің журналиске ұрысып жатқан сәті бейнекамераға түсіп қалған. Видеода Мадина Сәдуақасова өзіне сауал қойған тілшімен сөйлескісі келмейтінін айтып, оған бар шағымын жеткізген.

Эстрада жұлдызы аталмыш бағдарламаның шығармашылық тобына өзін ресейлік әншімен шағыстырып қойғаны үшін ренжулі екенін түсіндірген.

"Мен сендерді жақсы көрмеймін. Сендер не істегендеріңді білеміңдер ма өзі? Мені Анна Седаковамен шағыстырып қойдыңдар! Болды мен енді сендерді көрсем, басым ауырады" , - деп жауап қатты отандық жұлдыз тілшіге.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасованыңәндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
5
4
0
1
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel