RU

Ресейде Аяз ата балалардың көз алдында қайтыс болды

Ресейге қарасты қалалардың бірінде Аяз ата костюміндегі ер азамат балабақшадағы ертеңгілікте қайтыс болды деп хабарлайды Интерфакс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: DriveNew
Көрнекі фото: DriveNew: Facebook
"Ертеңгілік кезінде Аяз ата өзін жайсыз сезініп, көкірек тұсының ауырып тұрғанын ескерткен. Сол арада жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.
Алайда көмек келгенше Аяз ата өмірден өтіп кетті", - деді балабақша қызметкері.

Айта кететіні, ер азамат 67 жаста болған. Ол бірнеше жыл қатарынан "Тавосочка" балабақшасында балаларға "Аяз ата" болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769103-resejde-aaz-ata-balalardy-kz-aldynda-kajtys-boldy.html