Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пілдің нәжісінен жасалатын кофе елдің таңданысын тудырды

Опубликовано:

Әлемде бір шынысы 50 доллар тұратын ең қымбат кофе "Қара азу" деп аталады. Дүниежүзі бойынша кофені пілдің нәжісі арқылы өңдейтін жалғыз кәсіпкер Блейк Динкин. Бұл ерекше кофенің қалай өңделетіні туралы ақпаратты dudoser парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

mint.net.ua
Көрнекі фото: mint.net.ua: Instagram

Блейк Динкин әлемдегі ең қымбат кофені піл арқылы өңдейтін. Дәлірек айтқанда, оның нәжісінен алады.

Ол пілдерін өзі өсіретін кофе дәндерімен қоректендіреді. Сөйтіп, дәндердің піл ішінен шығуын күтеді.

Кофе протеиндері піл асқазанындағы ферменттер көмегімен ыдырайды. Соның арқасында кофе дәмі ерекше жұмсақ болып шығады.

Піл дәндерді 15-30 сағат аралығында қорытады. Піл басқа да өсімдіктерді жегендіктен, кофе дәндеріне қант құрағының, банан жапырақтарының дәмдері сіңеді.

"Қара азу" кофесінің бір келісін алу үшін піл 30 келі кофе дәнін жеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1769110-pildi-nzisinen-zasalatyn-kofe-eldi-tadanysyn-tudyrdy/

pixel