RU

Шыршаға таласқан Аяз аталар төбелесіп қалды (видео)

Одесса қаласында шырша түбіндегі жұмыс орнына таласқан екі Аяз ата жұрт алдында төбелесті. Бұл туралы ТСН сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан скриншот
Фото:видеодан скриншот: Facebook

Куәгерлердің сөзінше, Тимур есімді Аяз ата кішкентай қызбен суретке түскен. Бірақ бұл Мұстафа есімді Аяз атаға ұнамай қалған. Ол Тимурдан дереу орынды босатуды талап еткен.

Нәтижесінде Аяз аталар сыйлықтар салынған қаптармен бір-бірін соққылап, жұдырықтасқан.

Аяз атаның жанындағы Ақша қар оларды арашалай алмаған соң, көшедегі жүргіншілер төбелесушілерді ажыратуға мәжбүр болған.

Қазір Одесса қаласының полициясы екі Аяз атаны іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769118-syrsaga-talaskan-aaz-atalar-tbelesip-kaldy-video.html