Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хайп үшін шешініп, заң бұзудан тайынбаған қазақстандықтар кімдер? (видео)

Опубликовано:

Danny Y есімді блогер танымал болу үшін шешініп, заң бұзудан да тайынбай жүрген қазақстандық желі жұлдыздарының тізімін жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Коллаж NUR.KZ
Фото: Коллаж NUR.KZ: Twitter

Ал хит-парадтың келесі кезегін Ramberdiev есімді пранк жасаушы жалғасыпты. Ол Алматыда көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды қорқытып, агрессиясын тудырады екен. Адамдардың өзін ұрып тастайтынын түсінген сәтте, бұл істің қалжың екенін түсіндіріп отырған.

Блогердің сөзінше, "Атың шықпаса, жер өрте" ұстанымын ұстағандардың қатарында алғашқы орынды иеленген Айжан Байзақова.

Оның айтуынша, Байзақованың жетістігінің бар құпиясы үрленген ерні мен төсі, балағат сөздер айтуы, белгісіз азаматтан бала көтеруі мен үлкен ішін ары-бері лақтырып, билеуінде.

Тізім авторы Байзақованың тіпті, мешітте хиджаб киіп, төcек қатынасын көрсетуден тайынбайтынын айтқан.

Ал бастары дауға қалған қазақстандықтардың тізімін ұлттық әшекейлерді тағып, төсін жалаңаштаған 18 жастағы ару Шырын Нарчаева жалғастырған. Ол бойжеткенді төсі арқылы танымалдылыққа ұмтылғандар қатарына жатқызыпты.

Блогер өзінің мәдениетсіз әрекеттері арқылы танымалдылығын тез арттырғандар қатарында бетіне тату салдырып, әлеуметтік желіде түсініксіз видео жариялайтын Parfumer есімді рэпердің бар екенін де айтқан.

Артынша Dаnny Y бұл тізімге туған күн иесін скотчпен орап, майонез жағып, ұн себетін азаматтарды қосқан.

Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған ару да бұл тізімнен тыс қалмаған. Блогер сырғанауға тыйым салынғаны туралы Заңды білмегенін алға тартса да, Ксения Панкратованың саналы түрде әкімшілік құқықбұзушылыққа барғанын айтыпты.

Аталған тізімді Әл-Фараби көшесінің бойында қарама-қарсы бағытта жүрген Назар Роллан қорытындылаған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769156-hajp-sin-sesinip-za-bzudan-tajynbagan-kazakstandyktar-kimder-video/

pixel