RU

Алагөзов 350 млн қарызын қайтармағаны үшін компаниясынан айырылды

Алматылық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 350 миллион теңгені қайтармағаны үшін ақшасынан айырып қалды. Сот кәсіпкер Решановтың арызын қанағаттандырып, "Galanz bottlers" компаниясының 40 355 912 қарапайым акцияларын өндіріп беру шешімін шығарды. Алайда Алагөзовтың бұрынғы әйелі Ляйсира Марат Медеу аудандық сотына шағым түсіріп, сот үкімінің күшін жойдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

hommes.kz
Фото:hommes.kz: Facebook

Ревшанов "Әділет" төрелік сотына шағым түсіріп, Тұрсын Алагөзовтен қарызын қайтаруды талап еткен. Сот отырысы 2018 жылдың 10 қаңтарында өткен.

Алагөзов Ревшановтан 2017 жылы қазан айында 350 миллион теңге қарыз алып, кепіл ретінде "Galanz bottlers" компаниясының 40 355 912 дана акциясын қойып, кепілхат жазып берген.

Алайда қарызды қайтаратын кез келгенде Алагөзов ақшаны қайтарудан жалтарған.

Төрелік сот шағымданышуның пайдасына "Galanz bottlers" акцияларын өңдіріп берген және бір жарым миллион теңге төрелік сот шығындарын өтеуге міндеттеген.

Алайда жарты жылдан кейін Алагөзовтың бұрынғы әйелі Ляйсира Марат Медеу аудандық сотына шағымданып, "Әділет" төрелік сотының үкімін жоққа шығартқан.

Мұндай сот шешімінің шығуына Бостандық ауданының соты 2018 жылдың тоғызыншы сәуірдегі шешімі бойынша, "Galanz bottlers" компаниясының 40 355 912 дана қарапайым акцияларының бірлесе тапқан мүлік есебінде Ләйсара Мараттың иелігіне өткені себеп болған. Бұл жайтты Алагөзовтың өкілдері төрелік сотқа хабарламаған.

Сонымен қатар, Медеу аудандық сотының ақпаратынша, 2018 жылы қаңтардың 4-і мен 23 аралығында Алагөзов Таиландта болған. Ал төрелік сот ісінде екі тараптың да сот отырысында болғандығы айтылған.

Осыған орай Алагөзовтың бұрынғы әйелі сот шешімінің әділ екеніне күмән келтіріп отыр. Алагөзов кепіл ретінде Решановқа өзінің жеке мүлігін емес, бірлесе тапқан мүлікті ұсынған.

Оның үстіне іс барысында "Galanz bottlers" компаниясының 37 323 387 дана қарапайым акциясы 2016 жылдың шілдесінен бері "Цеснабанк" акционерлік қоғамында кепілдікте тұрғаны анықталған. Банк акциялардың Решанов иелігіне беруге рұқсат етпеген.

Нәтижесінде Медеу аудандық соты Ляйсира Мараттың шағымын қанағаттандыруға шешім шығарған.

Алайда Алматы қаласының азаматтық істер бойынша сот алқасы ағымдағы жылдың алтыншы қыркүйегінде Медеу аудандық сотының төрелік сот үкімін жоққа шығару барысында құқық нормаларын қате қолданған деген шешім шығарған.

Сот алқасының мұндай шешімге келуіне Алагөзовтардың мүлікті бөлісу туралы келісімшартты 2016 жылдың 29 маусымында жасалғанымен, ресми тіркелмегендігі себеп болған.

Алагөзов "Цеснабанк" акционерлік қоғамына кәсіпорын акцияларын кепілдікке қойған кезде Ләйсира Марат оның заңды әйелі болған және олар оның келісімі бойынша кепілге қойылғандығы алға тартылған.

Осылайша, сот алқасы Медеу аудандық сотының шешімін жоққа шығарды.

"Galanz bottlers" компаниясының директорлар кеңесінің төрайымы Ильдана Қазмамбетова жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

"2018 жылдың 6-шы қыркүйегінде сот үкімі шығарылды. Үкім шығарылғаннан бері компания Түрсен Алагөзовқа тиесілі емес", - деді Ильдана Қазмамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769159-alagzov-350-mln-karyzyn-kajtarmagany-sin-kompaniasynan-ajyryldy.html