RU

Ашық тұрған жайнамазды шайтан оқып кететіні рас па?

Көпшілік арасында жайнамаз ашық тұрса, оны шайтан оқып кетеді деген түсінік қалыптасып кеткен. Алайда, оның рас-өтірігін ешкім тереңіне үңіліп анықтаған емес. Осы тұрғыда, "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб иманы Ғазиз Ахмет бұл мәселеге тоқтала кетіп, көпті толғандырған сұраққа жауап берді деп жазады ihsan.kz.

Фото: elHow
Фото: elHow: Getty Images
"Шариғат бойынша жайнамаз ашық немесе жабық болып тұру керек деген арнайы бекіген үкім жоқ. Алайда, ел арасында жайнамаз ашық тұрған жағдайда, оның бір шетін бүктеп қою әдеті қалыптасып кеткені рас.
Бұған қатысты көбісі, ашық тұрған жайнамазды шайтан оқып кетеді деген жауап қайтарады.

Алайда, бұл пікір мүлде орынсыз әрі негізсіз. Себебі, Алланың қаһарына ұшыраған шайтанның намаз оқуы мүмкін емес.

Сол себепті, ел арасында тарап кеткен пікірдің шындыққа жанаспайтынын нақты айта аламын. Тіпті, жайнамаздың бір бұрышын қайырып қоюдың да қажеті жоқ. Ол жай ғана қалыптасып кеткен әдет" , - деді имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769194-asyk-trgan-zajnamazdy-sajtan-okyp-ketetini-ras-pa.html