Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтысқа жиналған қауым Ринат Зайытов үшін залда шу шығарды

Опубликовано:

Астананың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналған VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында залға жиналған қауым Ринат Зайытов үшін шу шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: news.ivest.kz
Фото: news.ivest.kz: Twitter

Видеодан халықтың Ринат ақын үшін 10 деген баға сұрағанын аңғаруға болады. Олар, тіпті, ду қол шапалақтарын тоқтатпай, Ринат деп қосыла айғайлаған екен. Залда айтыскер ақынның есімі жазылған плакат ұстағандар да табылды.

Бұл құрметті сезінген Ринат Зайытов сахнаға шығып, өзіне қолдау білдірген халыққа алғысын білдірген.

Артынша орнынан тұрып, халыққа басу айтқан Асанәлі Әшімов өзінің дауысын Ринаты Зайытовқа бергенін айтыпты.

Айта кетейік, күні кеше өткен ақындар айтысында бас жүлдені Жансая Мусина жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769199-ajtyska-zinalgan-kauym-rinat-zajytov-sin-zalda-su-sygardy/

pixel