Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін бір орында отыра бермей, сыртқа шығып, көпшілікпен араласқан жөн. Күндіз белсенді жұмыс істеп, кешкі уақытыңызды сүйіктілеріңізге арнасаңыз дұрыс болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 20-шы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сізді күтпеген тосынсыйлар күтіп тұр. Бір жағынан жағымды кездесулер мен таныстықтар болса, екінші жағынан мұның бәрі сізді жоспарларыңыздан ауытқытады. Сондықтан бүгінге көп жоспар құрмаған абзал.

2. Торпақ

Сіз үшін бұл күн өте қолайлы болады, әсіресе түстен кейінгі уақыт. Қайда барсаңыз да, не істесеңіз де сізді жетістіктер күтіп тұр. Осындай көңіл-күйді Жаңа жылға дейін сақтасаңыз жақсы болады.

3. Егіздер

Бүгін ішкі толқыныстарыңызды түсіну қиынға соғады. Ақылыңыз бір нәрсе айтса, түйсігіңіз мүлде басқа нәрсені айтады. Сондықтан шатаспас үшін ішкі түйсігіңізге құлақ асқаныңыз абзал.

4. Шаян

Бүгін шектеулерден арылып, еркіндікке қол жеткізесіз. Алғашында қуанғаныңызбен, кейін бұл еркіндікпен не істеймін деген сұрақ туындауы мүмкін. Асықпаңыз, уақыт бәрін орын орнына қояды.

5. Арыстан

Бүгін бірден көптеген тапсырмалар аласыз. Тіпті неден бастарыңызды білмей, абдырап қалуыңыз да мүмкін. Дегенмен сіз жылдам шаруаларды шешу жолын тауып, бәрін сәтті аяқтайсыз.

6. Бикеш

Бүгін жұмыста сізге таңдау беріледі, ауқымды жобадан бас тартасыз немесе бар жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Қандай шешім қабылдасаңыз да ешкімге ренжімеңіз және мойныңызға еңсере алмайтын жүк артпаңыз. Жақсы көңіл-күй жетістікке жетудің бірден-бір жолы.

7. Таразы

Бүгін қанша адам болса, сонша пікір болатынын ұмытпаңыз. Біреу сіздің сырт келбетіңізді немесе бір қылығыңызды ұнатпаса, оған мән бермеңіз. Әркім өз көзқарасын ұстансын.

8. Сарышаян

Бүгінгі күнге сіз көп жоспар құрдыңыз, сондықтан бірден ең қиын жұмыстарға кіріскен жөн. Ал күні бойы қандай да бір кедергілер пайда болса, олар керісінше сізді жұмысыңызды сәтті аяқтауға шабыттандырады.

9. Мерген

Бүгін көңіл-күйіңіз өте жақсы болады, сондықтан істеріңізді сәтті аяқтауға ештеңе кедергі бола алмайды. Қандай да бір салтанатты жиынға қатыссаңыз, өзіңізді ең жақсы жағынан көрсетіп, кеш жұлдызына айналасыз.

10. Тауешкі

Бүгін жаңа өмір бастауға мүмкіндік туады. Бұл бәрін тастау керек деген сөз емес, дегенмен қандай өзгерістер қажет екенін саралап, өзіңізге жаңа нәрселермен айналысуға мүмкіндік берген дұрыс. Себебі мұндай күн жақын арада бола қоймас.

11. Суқұйғыш

Бүгін тұла бойыңызды жақсы сезімдер билейді, сондықтан барлық қиындықтар мен сәтсіздіктерге төтеп бере аласыз. Сонымен қатар қиналған жандарға кеңес беріп, оларға қолдау көрсетесіз. Соның нәтижесінде айналадағы адамдар да риза болып, сізге алғыстарын айтады.

12. Балықтар

Бүгін тағдырыңызға шағымданбай, бармен базар болған дұрыс. Жоспарларыңыз жүзеге аспай, көптен бері күткен мансабыңыздың өсуі болмаса да, жағдай соншалықты жаман емес. Жағдайды қалай өз пайдаңызға өзгертуге болатынын ойластырып, бірден іске кіріскен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1769274-20-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel