RU

Ресейлік миллиардердің 18 жастағы қызы тұрмысқа шықты (фото)

Ресейлік миллиардердің 18 жастағы қызы Заяда Манасира Диана тұрмысқа шықты. Бойжеткеннің таңдауы 25 жастағы қаржыгер Ростик Багировқа түскен деп хабарлайды StarHit-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Заяда Манасира Диана өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісімін берген болатын.

Олар "Барвиха" ауданында некесін қидырған.

Басылым мәліметінше, Ростик Дианаға 17 жасында үйленуге ұсыныс тастаған. Жас жігіт сүйіктісін қымбат мейрамханаға алып барып, гауһар тасты жүзік сыйлаған.

Айта кетейік, миллиардердің қызының той көйлегіндегі суреті желіге тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769285-resejlik-milliarderdi-18-zastagy-kyzy-trmyska-sykty-foto.html