RU

Қызылорда келіні қайын атасын пышақтап өлтірді

Қызылордада келіні алпыстан асқан қайын атасын пышақтап өлтірген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет. Фото: цпп-москва.рф
Көрнекі сурет. Фото: цпп-москва.рф: Instagram

Оқиға орын алған күні отбасында кикілжің болған. Жасы алпыстан асқан қария ұрыс үстінде ашуға беріліп, келінінің бетінен шапалақпен тартып жібереді.

Сосын бөлмеден шығып кеткен. Ашуға берілген келін қайын атасынан есе қайтаруға тырысады. Атасының бөлмесіне барып, етпетінен ұйықтап жатқан оған пышақ сұққан. 

"Келіні қайын атасының арқа тұсынан екі мәрте пышақты тығып алған. Сол жақ жауырыны мен омыртқа тұсынан жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды", - делінген Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769288-kyzylorda-kelini-kajyn-atasyn-pysaktap-ltirdi.html