Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда дүкен ішінен ерлі-зайыптылардың денесі табылды

Опубликовано:

Ақтауда 28-ші ықшам аудандағы дүкендердің бірінен пышақталған әйел мен ер адамның мәйіттері табылды деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

bagnet.org
Көрнекі фото:bagnet.org: Facebook

Дереккөздің хабарлауынша, марқұм болған ерлі-зайыптылар 28-шы ықшам ауданында дүкенді жалға алып отырған.

Алдын ала болжам бойынша, 16 желтоқсан күні ер адам дүкенді жапқаннан кейін әйелін 20 жерден пышақтап, сосын өзіне қол жұмсаған.

Ақтау қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

"10.45 шамасында 102 кезекші пультіне "Гүлнар" дүкенінен мәйіттер табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Ерлі-зайыптылардың денелерінде пышақ жарақаттары анықталған", - деді полиция өкілдері.

Аталмыш факті қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша, Ақтау қаласының полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1769348-aktauda-dken-isinen-erli-zajyptylardy-denesi-tabyldy/

pixel