Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкек халқы Қытай елшілігінің алдында митингке шықты

Опубликовано:

Бішкек қаласындағы Қытай елшілігінің алдында "Қырқ чоро" қоғамдық ұйымы митинг өткізіп жатыр. Шара қатысушылары ҚХР-нан этникалық қырғыздарды қудалауды тоқтатып, оларды қайта тәрбиелеу лагерінен босатуды талап етуде. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

24.kg
Фото:24.kg: Facebook
"Сонымен қатар бір айдың ішінде барлық шетелдіктердің Қырғызстан елінен кетулерін талап етеміз. Соңғы 10 жылдың ішінде шетел азаматтарына қырғыз елінің азаматтығы қаншалықты заңды берілгенін тексеруді талап етеміз", - деді "Қырқ чоро" өкілі Замірбек Қочорбаев.
Фото:24.kg
Фото:24.kg: Facebook

kaktus.media мәліметінше, митингге шыққандардың қолдарында нақты дәлел жоқ. Барлық ақпаратты олар интернеттен алған.

"Елшілік мұның рас-өтірігін анықтасын. Бұл жалған ақпарат болса, халықты сабасына түсірсін. Біз уайымдап жүрміз. Ал рас болса, шара қолдансын", - деді митингке қатысушылар.
Фото:24.kg
Фото:24.kg: Facebook

Шу облысы қозғалысының үйлестірушісі Бақтыбек Нұралының айтуынша, митингке қатысушылар саны бұдан да көп болуға тиіс болған. Бірақ кеше оларға полиция өкілдері келіп, митингке шыққан жағдайда қиындықтар туындайтынын ескертіп кетіпті.

Айта кететін жайт, 2016 жылы Бішкек қаласында ҚХР елшілігінде ылаңкестік әрекеттен кейін Қытай тарапы Қырғызстан азаматтарына виза беруді тоқтатып, биыл алтыншы желтоқсанда ғана қайта туристик виза бере бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1769427-biskek-halky-kytaj-elsiligini-aldynda-mitingke-sykty/

pixel