RU

"Маған арналады": Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің жаңа кино түсіретінін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің өзіне арнап жаңа фильм түсіретінін айтты. Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Қазіргі уақытта тележүргізуші болып жүрген Әбдікәрімова жаңа картинаның сценарийі жазылып жатқанын жеткізді.

"Киноға арнайы жазылып жатқан сценарий маған арналып жатыр десем де болады. Себебі, анам да айтқан. Қайрат та "өзімнің кинома ғана түсіремін" деп айтқан. Сол уәдесінде тұрды. Қазір "тапсырыс берілген сценарий дайын болып қалды"деп жатыр. Бірақ, әлі шикі. Әрине, міндетті түрде ол киноға мен түсемін", - деді Жұлдыз.

Одан бөлек, Қайрат Нұртастың жұбайы басқа режиссерлер түсірген фильмдерге де шақырту алғанын айтты.

"Егер ол рөл маған, менің жолдасыма, ата-енеме ұнап жатса, ортақ шешім болып, келісіп жатса мен киноға түсу туралы ұсынысты қабылдауға дайынмын. Ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ әлі көңілден шыққан жоқ", - деді Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769475-magan-arnalady-zldyz-bdikrimova-enesini-zaa-kino-tsiretinin-ajtty.html